СІМ: Иранда 132, Израильде 219 Қазақстан азаматы бар

16.06.2025 13:35

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді

Иранда 132, ал Израильде 219 Қазақстан азаматы бар. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, дипломаттар отандастарымызбен тұрақты байланыста. Оларға аса қажеттілік болмаса, тұрғылықты жерінен шықпауға кеңес берілген. Осыдан 2 күн бұрын Иранда іс-сапарда жүрген 6 қазақстандыққа Әзербайжан арқылы елге оралуға жәрдем берілген. Ал күні кеше сол мемлекеттен Түрікменстанға Қазақстанның 68 азаматы эвакуацияланған. Олардың ішінде дипломаттардың отбасы мүшелері, экономикалық ынтымақтастық ұйымы хатшылығының қызметкерлері және іс-сапармен барған азаматтар бар.

«Ирандағы Қазақстанның шетелдердегі мекемелерінде қалған қызметкерлер жұмысын қалыпты режимде жалғасытырып жатыр. БІріккен Араб Әмірліктерінен қазақстанға кейбір әуе компаниялары рейстерін тоқтатуына байланысты шамамен 300 Қазақстан азаматының уақытша ұшуы қиындап тұр. Олардың басым бөлігі – туристер. Еліміздің дипломаттары олармен тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Жақын арада азаматтарымыздың жартысынан астамы Отанға оралады деп күтілуде», – деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оқи отырыңыз: Парижде Нұрғиса Тілендиевке арналған көрме ашылды