Қазақстанның СІМ Сауд Арабиясында жүрген жерлестерімізді сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомство адам көп жиналатын орындар мен қауіпті нысандардан аулақ болып, шұғыл емес сапарларды кейінге қалдыруға кеңес берді. Төтенше жағдайға тап болған жандар Эр-Риядтағы Елшілікке немесе Жиддадағы Бас консулдыққа хабарласуы қажет.
"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аталған елде жүрген қазақстандық азаматтарға сақтық шараларын қатаң сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауды, нақты қажеттілік болмаса, әуежайларға бармау, рейстердің мәртебесін әуекомпаниялардан алдын ала нақтылауды, адамдар шоғырланған орындар мен қауіптілігі жоғары нысандардан аулақ болуды, шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыруды ұсынады", - деді ҚР СІМ-нің ресми өкілі Жанболат Үсенов.
Еске сала кетейін, Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға шабуыл жасалған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.