Аңның табиғи ортада еркін жүруі - экожүйенің тұрақтылығы мен қорғалуының маңызды көрсеткіші
Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында сирек кездесетін ерекше оқиға тіркелді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Парк қызметкері, мемлекеттік инспектор Ерлан Молдахметов кезекті аумақты бақылау барысында қар барысын (ілбіс) видеоға түсіріп үлгерген.
"Бұл – сирек кездесетін әрі аса құнды кадрлардың бірі. Қар барысы – Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жыртқыш аң, оның табиғи ортада еркін жүріп-тұруы экожүйенің тұрақтылығы мен қорғалуының маңызды көрсеткіші", - делінген ұлттық парктің хабарламасында.
Мамандардың айтуынша, бұл аңның табиғи ортада еркін жүруі экожүйенің тұрақтылығы мен қорғалуының маңызды көрсеткіші саналады.
Аталған дерек ұлттық парк аумағында жүргізіліп жатқан табиғатты қорғау және биологиялық әртүрлілікті сақтау жұмыстарының нәтижелі екенін аңғартады. Мұндай бақылаулар сирек жануарлардың популяциясын мониторингтеуге және оларды қорғау шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштікке енді