Жаңа ошақтар анықталған жоқ, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында Жаңатоған ауылының маңындағы табиғи өртті оқшаулау және толығымен жою жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Аумақтағы жағдайды бағалау мақсатында мамандар әуеден визуалды тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесінде жаңадан жанып жатқан ошақтар анықталған жоқ. Қазіргі уақытта елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазіргі сәтте өртті толық өшіру және жекелеген учаскелерді оқшаулау шаралары жүргізіліп, тұрақты мониторинг жүзеге асырылуда. Жағдай Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің тікелей бақылауында.
Оқи отырыңыз: Алматыда 17-23 тамыз аралығында ауа райы қандай болады