СҚО-да 12 жастағы қызды көлік қағып, оқушы оқиға орынында көз жұмды. Қайғылы оқиға қаладағы Потанин көшесі бойында болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Қазір Порш кайен көлігін тізгіндеген азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын-ала мәлімет бойынша, темір тұлпар 24 жастағы жүргізушіге емес, оның туысына тиесілі екен. Бүгінде полиция адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты іс қозғады. Әлеуметтік желі қолданушыларының сөзінше, аталған көше бұрыннан қауіпті аумақ саналады. Өйткені, онда бұған дейін де дәл осындай бірнеше жағдай тіркелген.
Оқи отырыңыз: Алматыда қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жүйелі әрі кешенді тәсілге көшті