СҚО-да 38 жастағы келіншектің қолын жылқы шайнап тастады

27.04.2026 19:15

Әйел ақ халаттылардың бақылауында

Атқа мінемін деп саусағынан айырылды. Солтүстік Қазақстан облысында жылқы 38 жастағы келіншектің қолын шайнап тастаған, 

Оқиға кеше Бескөл ауылындағы ипподромда болыпты. Алдын-ала мәлімет бойынша, жануар кенеттен үркіп, агрессия танытқан. Әйел ақ халаттылардың бақылауында.

«Науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Сол қолының бесінші саусағының сіңірі созылған. Ал төртінші саусағын кесуге тура келді. Сонымен қатар әйелге сіреспеге қарсы екпе салынды. Бүгінде зардап шеккен жан амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді», – деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ғалия Қалиева.

Оқи отырыңыз: Дауыл салдары: Павлодар облысында екі адам зардап шекті