Жүрдек пойыз астында қалған ер азамат сол жерде жан тапсырған
СҚО-да бір адамды пойыз басып кетті. Қайғылы жағдай Петропавл қаласы маңындағы Жұмысшы ауылында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алдын ала мәлімет бойынша, машинист темір жолдағы жігітті байқап тежегішті басқанымен апаттың алдын алу мүмкін болмаған. Жүрдек пойыз астында қалған ер азамат сол жерде жан тапсырған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді Көліктегі ПД желілік полиция бөлімі бастығының орынбасары Қанат Омаров.
Оқи отырыңыз: Белгісіз ер адам келіншекті бауыздап кеткен: қала тұрғындары сыртқа шығуға қорқып отыр