ШҚО-да Мәңгілік алауға тауық қуырғандар іздестіріліп жатыр

05.12.2025 16:50

Аталған дерек полиция бөлімінде тіркелді

Фото Риддер қаласы тұрғындарынан /kaz.inform.kz

Шығыс Қазақстан облысы полициясы Риддер қаласындағы Мәңгілік алауда тауық қуырғандарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Екінші дүниежүзілік соғыстан оралмаған жауынгерлердің аты-жөндері қашалып жазылған Мәңгілік алауда белгісіз біреулер тауық қуырған. Бұл туралы куәгер полицияға хабарлады. 

Әйел адам фотосуретті әлеуметтік желіде де жариялады. Мемориалда бейнебақылау камералары орнатылғанына қарамастан, бұндайға кімдердің барғанын әзірге анықтау мүмкін болмай отыр.

— Аталған факті полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта құқықбұзушылардың кім екенін анықтап, оларды жауапкершілікке тарту мақсатында жедел-іздестіру және процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері маңайдағы аумақтарды аралап, бейнебақылау жазбаларын зерделеп, куәгерлерден түсініктеме алуға көшті, — деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінен.

Осы ретте полицейлер қала тұрғындарына тарихи-мәдени ескерткіштерді, ғимараттар мен құрылыстарды қорлағандарға әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Оқи отырыңыз: Енді халықаралық байқау жеңімпаздары пен олардың ұстаздарына сыйақы тағайындалады