ШҚО-да полицейлер шетелдік велосаяхатшыға көмектесті

29.03.2026 17:38

Туристің Қазақстандағы саяхаты шамамен бір айға созылады

Видеодан кадр

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер шетелдік велосаяхатшыға көмектесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Марокко азаматы Адиль Бумлик аймақ арқылы велосипедпен сапар шегіп, Өскеменнен Самар ауданына жеткен. Алайда Үміш асуында велосипеді бұзылып қалған.

"Саяхатшыға полиция қызметкерлері шұғыл жәрдем берді. Олар жағдайды бағамдап, туристің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, велосипедті жөндеу жұмыстарын ұйымдастырды", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының жедел әрекетінің арқасында келесі күні-ақ турист сапарын жалғастыра алды.

Қазіргі уақытта Адиль Бумлик Катонқарағай және Алтай аудандарына қарай бет алды. Оның Қазақстандағы саяхаты шамамен бір айға созылады.

Оқи отырыңыз: Пойызда болған қайғылы оқиға: күдікті 9 жылға сотталды