Алдын ала мәлімет бойынша, олар газға уланып қалған
СҚО-да Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Самалкөл ауылында кәріздік сорғы стансасында жөндеу жүргізу кезінде екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Марқұмдардың бірі - 48, ал екіншісі 50 жаста. Алдын ала мәлімет бойынша, олар газға уланып қалған. Жұмысшылардың денесі кәсіпорын аумағындағы құдықтың ішінен табылған. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Оқиғаның себептері арнайы комиссия арқылы анықталады. Осыдан кейін тергеуші еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру үшін департаментке жоспардан тыс тексеріс жүргізу жөнінде қаулы жолдайды», – деді Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Азат Көшербаев.
Оқи отырыңыз: Теміртау қаласындағы құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты