Облыстың төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, үй өрт сөндірушілер келгенше толық жанып кеткен
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында жер үй өртеніп, анасы мен екі баласының денесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстың төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, үй өрт сөндірушілер келгенше толық жанып кеткен.
«Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетті. Құтқарушылар келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, шатырдың бір бөлігі құлаған. Өртті сөндіру барысында әйел адамның және екі кәмелетке толмаған баланың денелері табылды», - деп хабарлайды облыстық ТЖМ.
Жалпы, жер үйдің өртке оранған аумағы 63 шаршы метр болған.
Оқи отырыңыз: Астана полициясы балабақшадағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады