Куәгерлердің айтуынша, жұмысшы әйел 30 метрлік биіктіктен астық толы қоймаға құлап кеткен
Оқиға Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 қараша күні Ақжар ауданындағы ауылшаруашылығы кәсіпорындарының бірінде 34 жастағы әйел биіктен астық сақтау қоймасына құлап кеткен.
Еңбекті қорғау заңнамасын бұзу дерегіне орай полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, жұмысшы әйел 30 метрлік биіктіктен астық толы қоймаға құлап кеткен.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде 14 жастағы ананың өміріне жауаптылар жұмыстан шығарылды