СҚО-дағы емдеу кабинетінде бір адам көз жұмды

18.11.2025 11:30

Тергеушілер диагностика кабинетінде нақты не болғанын анықтап жатыр

Depositphotos

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық ауруханасында эндоскопиялық зерттеу кезінде 44 жастағы науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеушілер диагностика кабинетінде нақты не болғанын анықтап жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық-фармацевтикалық бақылау комитеті де жағдайға түсініктеме берді.

Ведомство құқық қорғау органдарының ресми өтінішінен кейін ауруханада тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен тексеру жүргізілетінін айтты.

Оқи отырыңыз: Қандай жағдайда сабақ онлайнға ауысады