Қазақстандықтар 2026 жылғы қаңтарда қалай демалады

Depositphotos.com
Depositphotos.com
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылдың алғашқы айы қазақстандықтарға 12 демалыс күнін сыйлайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаңтар айында дәстүрлі түрде Жаңа жыл мен Рождество атап өтіледі. 2026 жылы Қазақстанда Жаңа жылға байланысты ресми демалыс күндері 1, 2, 3 және 4 қаңтар, ал 7 қаңтар — Рождество мерекесіне орай демалыс болып саналады.

Осыған сәйкес демалыс кестесі мынадай:

  • Бес күндік жұмыс аптасы кезінде:
    1, 2, 3, 4 қаңтар — демалыс күндері;
    5 және 6 қаңтар — жұмыс күндері;
    7 қаңтар — демалыс.

  • Алты күндік жұмыс аптасы кезінде:
    1 және 2 қаңтар — демалыс;
    3 қаңтар — жұмыс күні;
    4 қаңтар — демалыс;
    5 және 6 қаңтар — жұмыс күндері;
    7 қаңтар — демалыс.

Сонымен қатар қаңтар айында кәсіби және халықаралық мерекелер де бар. Бұл күндер ресми демалыс болмаса да, тиісті сала өкілдерін құттықтау дәстүрге айналған.

Кәсіби мерекелер тізбесі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығымен бекітілген.

Кәсіби мереке:

  • 10 қаңтар — Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні

БҰҰ күнтізбесі (қаңтар):

  • 1 қаңтар — Дүниежүзілік отбасы күні

  • 4 қаңтар — Брайль әліпбиінің дүниежүзілік күні

  • 10 қаңтар — Дүниежүзілік хинди тілі күні

  • 14 қаңтар — Дүниежүзілік логика күні

  • 24 қаңтар — Халықаралық білім күні; Африка мәдениеті мен африкалық текті халықтардың мәдениетінің дүниежүзілік күні

  • 27 қаңтар — Холокост құрбандарын еске алу халықаралық күні

Новости партнеров