Әскердегі әлімжеттік: Президент ІІМ шұғыл тапсырма берді

Мемлекет басшысы  Ұлттық ұлан сарбазына қатысты оқиғаны бақылауына алды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының әскердегі әлімжеттікке қатысты Ішкі істер министріне шұғыл тапсырма жүктегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шыққанын жазды.

"Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады", — делінген желідегі ақпаратта.

Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударғанын еске салады. Онда Президент бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын.

Оқи отырыңыз:Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

Новости партнеров