Ол бейнематериалдарды талдап, тергеу мен сараптама жүргізуге септеседі
Әскердегі тәртіпті енді жасанды интеллект бақылайды. Мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары армиядағы қауіпсіздікті күшейту үшін кешенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv
Асқар Мұстабековтің айтуынша, жақын уақытта барлық казармаға жасанды жады технологиясы енгізілген бейнебақылау камералары орнатылады. Бұл жүйе жай ғана видео жазып қоймайды, сонымен қатар бейнематериалдарды талдап, тергеу мен сараптама жүргізуге септеседі.
«Қазір қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар іске асырылып жатыр. Менің ойымша, биыл жыл соңына дейін және келесі жылы барлық казармаларды жасанды интеллект негізіндегі бейнебақылау жүйелерімен толық қамтимыз. Бұл жүйе оқиғаларды талдап, сараптама жүргізуге мүмкіндік береді», – деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков.
Оқи отырыңыз: Жеке мәліметтерді саудалаған киберқылмыскерлер тобы құрықталды - ІІМ