Әскери институт курсанттары өз таңдауларын жасады

23.08.2026 12:52

Олардың қатарында 119 азамат сайлауға алғаш рет қатысты

Радиоэлектроника және байланыс әскери - инженерлік институт

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында білім алып жатқан курсанттар мен күзет ротасының мерзімді әскери қызметтегі сарбаздары жалпыұлттық сайлауға белсенді қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Таңғы сағат 6:00-ден жұмысын бастаған №143 арнайы жабық сайлау учаскесінде 530-дан астам курсант пен сарбаз өз таңдауын жасады. Олардың қатарында 119 азамат сайлауға алғаш рет қатысты.

Учаскеде сайлау процесінің ашықтығы мен заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету үшін 5 комиссия мүшесі мен 1 байқаушы жұмыс істеді.

Ал институттың оқытушылық құрамы сайлауға тұрғылықты жерлері бойынша қатысып, отбасы мүшелерімен бірге өз таңдауларын жасады.

Еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиғаға айналған Құрылтай сайлауында әр әскери қызметші өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдірді.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы конституциялық өзгерістерден кейінгі міндеттерді атады

Толық көрсету