СҚО-да жол апатынан егде жастағы жүргізуші қаза тапты

07.07.2025 17:15

Қайғылы оқиға 7 шілдеде Жезқазған – Петропавл автожолында болған

Аlmaty.tv

Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында адам өлімі тіркелген жол-көлік оқиғасы болды. Машина аударылып 58 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап. 

Оқиға 7 шілде күні таңғы сағат 08:00 шамасында «Жезқазған – Петропавл» автожолының 755-шақырымында болған.

«Mercedes» маркалы көлік жолда жүріп келе жатып, апатқа ұшыраған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі таңда полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жолда барынша сақ болуды, әсіресе күрделі учаскелерде жылдамдықты асырмай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Оқи отырыңыз: Отбасымен бірге серуендеп жүрген: Павлодарда әйел адам көз жұмды