Ақмола облысында жетінші баласына жүкті әйел көз жұмды

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Әйелдің жүктілік мерзімі 34-апта болғаны анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысы Бестөбе ауылының 34 жастағы тұрғыны – алты баланың анасы, жетінші баласына жүкті болып жүрген әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Sinegor.kz жазуынша, әйел үйінде, отбасымен болған, алайда кешке қарай өзін нашар сезінген соң шаршағанын айтып, жатып қалған. Туғандары оны өлі күйінде тапқан. Әйелдің жүктілік мерзімі 34-апта болғаны анықталды.

Жедел жәрдем дәрігерлері жеткенше әйелдің қайтыс болып кеткені расталды. Өлімнің алдын ала себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі. Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық ізі табылмады.

«Бестөбе тұрғынының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінен.

Оқи отырыңыз: Астанада 22 жастағы қыздың денесі табылды

Новости партнеров