SmartLab Болашақ мектебінің моделі ретінде: Премьер-министрінің кеңесшісі оқу кабинеттерінің жаңа стандартымен танысты

12.01.2026 13:26

Премьер-министрдің кеңесшісі оқу кабинетіне жоғары баға берді

Stan.kz

Астана қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясына премьер-министрінің кеңесшісі Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

SmartLab инновациялық оқу кабинеті көпфункционалды зертханалық станциялармен, цифрлық датчиктермен, робототехникалық жинақтармен, интерактивті панельдермен, бағдарламаланатын құрылғылармен және заманауи технологиялармен жабдықталған.

Сонымен қатар, Ералы Лұқпанұлы биыл мектебімізде ашылған ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған инклюзивті білім беруді қолдау және емдік дене шынықтыру кабинеттерінің жұмысымен танысты.

Өз сөзінде премьер-министрдің кеңесшісі оқу кабинетіне жоғары баға берді.

«Аталған кабинет Президенттің жасанды интеллектті дамыту, білім беру жүйесіне озық технологияларды енгізу және балалардың заманауи құзыреттерін қалыптастыру жөніндегі тапсырмаларына толық сәйкес келетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл оқу кеңістігі бүгінгі күннің барлық заманауи талаптары мен нақты білім беру қажеттіліктеріне сай келеді», – деді ол.

Сондай-ақ Тоғжанов мұндай заманауи жабдықталған оқу кабинеттері білім беру үдерісінің сапасын арттыруға, оқушылардың сыни ойлауын, зерттеу дағдыларын және технологиялық сауаттылығын дамытуға зор мүмкіндік беретінін айтты. SmartLab сынды инновациялық білім беру ортасы оқушыларды тәжірибеге негізделген оқуға баулып, болашақта бәсекеге қабілетті, шығармашыл әрі жаңашыл тұлға қалыптастыруға ықпал етеді.

«SmartLab сынды заманауи оқу кабинеттері алдағы уақытта еліміздегі білім беру ұйымдары үшін қалыпты стандартқа айналуы тиіс. Мұндай кабинеттер білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау, жасанды интеллект пен инновациялық технологияларды оқыту үдерісіне жүйелі түрде енгізу және оқушыларды болашақтың талаптарына сай даярлау жолындағы маңызды қадам» , – деді премьер-министрінің кеңесшісі.

Дереккөз: Stan.kz

Оқи отырыңыз: Көлеңкеден шығу: 66 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қызметтерін заңдастырды