"Сол күні беру керек": Нұрлан имам қайтыс болған адамның қарызын мойнына алғандар туралы

Видеодан кадр
Видеодан кадр

Нұрлан Байжігітұлы қарызды беру парыз екенін ескертті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы адам мойнындағы қарыз туралы сөз қозғады. Ол қарызды қайтармай жүрген жандарға үндеу тастады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы имам Instagram-дағы парақшасында айтты.

"Қайтыс болған адамның қарызын сол күні беру керек. Қарызды мойындарыңа алдыңдар ма, қайтарыңдар. Көп адамдар әкесінің, ағасының, бауырының жаназасында тұрғанда ел алдында масқара болмас үшін қарызын мен төлеймін деп мойнына алады. Сөйтіп мойнына алып алады да, қарызын төлемейді, не балаларын қақсатады, балаларын жылатады. Өлген бауырының баласын көшеде қаңғытып жібереді немесе дүниесіне, мирасына таласады.

Қияметтің күнінде амалыңнан жұрдай боласың, бұл дүниеде абыройыңнан жұрдай боласың. Қарыз мәселесіне келгенде мұқият болыңыздар. Дүние тоқтаса, тоқтап қалсын, қарызды беріңіздер. Қарызсыз көше баспаңыздар. Бұл ең бірінші тұратын дүниенің бірі. Құрандағы ең ұзын сүре, аят қарыз турасында. Не үшін? Қарызды беру - парыз. "Жаназа оқылмай қояды" деп қорқытады.Не үшін? Дәрежесі сондай үлкен болғаны үшін. Біреуді алдап лақтырып кеткендер бар, бермей жүріп Меккеге баратындар бар, құдай сақтасын", - деді Нұрлам имам.

Оқи отырыңыз: Тәулігіне 6 сағаттан аз ұйықтаудың денсаулыққа зияны бар ма

Новости партнеров