Солтүстік Қазақстанда адамдар мінген гидроцикл аударылып қалған

30.06.2025 12:56

ТЖМ өкілдері құтқару жилеті өмірді сақтайтын құрал екенін еске салды

Annie Xia/unsplash.com

Солтүстік Қазақстан облысында ТЖМ қызметкерлері судағы екі адамға көмектесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Есіл ауданы Үлкен Тараңғұл көлін патрульдеу кезінде ТЖМ қызметкерлері аударылған гидроциклді және суда тұрған екі адамды байқап қалған.

"Қызметкерлер гидроциклді бастапқы қалпына келтіріп, адамдарды жағаға аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ өкілдері құтқару жилеті өмірді сақтайтын құрал екенін еске салды.

"Өзіңізді қорғаңыз, қауіпсіздік шараларын ұмытпаңыз!" - деді құтқарушылар.

Оқи отырыңыз: Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі болып тағайындалды