Атырауда шатырдан секірмек болған ер адам құтқарылды

polisia.kz
polisia.kz

Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп үлгерді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда полиция қызметкерлері өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

1 ақпанда сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғыны Алмагүл мөлтек ауданындағы көпқабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы хабарлама берген.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері – полиция аға лейтенанты Жолдығалиұлы Серік, полиция аға лейтенанты Жақсыбаев Нұрсұлтан, учаскелік полиция инспекторлары – полиция лейтенанты Сабырғалиев Бағытжан Бауыржанұлы мен полиция капитаны Сапашев Ерболат Кенжебайұлы жедел жетті.

"Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жастағы азаматты шатырдан түсіріп алды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта азамат жедел-тергеу тобына тапсырылып, аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Ақтөбе облысында ұсталды

Новости партнеров