Ұлттық әдебиеттің даму болашағы: Алматыда халықаралық форум өтті

03.10.2025 16:54

Жиынға көршілес Қырғызстан мен Өзбекстанның белгілі ақын-жазушылары, отандық әдебиеттанушылар мен қаламгерлер қатысты

Алматыда «Сөз өнері: Ұлттық әдебиеттің даму болашағы» атауымен халықаралық форум өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға көршілес Қырғызстан мен Өзбекстанның белгілі ақын-жазушылары, отандық әдебиеттанушылар мен қаламгерлер қатысты. Олар түркі тілдес елдердегі әдебиеттің даму бағдары, ізденістер мен жаңашылдықтар туралы баяндама оқыды. Сондай-ақ форум барысында Мәдениет және ақпарат министрлігі мен  Алматы қаласы әкімінің құттықтау хаты оқылып, дәстүрлі әндер шырқалды.

 «Биыл «Сөз өнерінің» тақырыбы «қазақ әдебиетінің даму болашағы» деп аталады. Яғни, әлсін-әлсін әдебиет қандай деңгейде келе жатыр, қандай жаңа жас ақындар, жас жазушылар қосылып жатыр? Жалпы, қазақ әдебиеті әлемдік контексте қай шамада тұрады? Осы мәселелер айтылды. Бұл дәстүрді өтетін форум», – деді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов.  

«Бұл – Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдасытыр отырған маңызды форум. Қырғызстаннан, Өзбекстаннан келген біздерге қазақ әдебиеті туралы кеңірек мәлімет алуға мүмкіндік болды. Төраға Мереке Әбдешұлы алдағы пландары туралы айтып өтті. Қырғыз авторларының кітаптары қазақ тіліне аударылып шығатынын айтты», – деді Қырғызстанның халық ақыны Қожагелді Күлтегін.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады