ТЖМ құтқарушылары Алматы облысының тауларында жолдан адасқан төрт туристке көмек көрсетті

13.07.2026 09:29

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ

фото Victor Glutsenko

Алматы облысы Қарасай ауданында, Үлкен Алматы шыңы ауданында таудан түсу кезінде жолдан адасқан төрт туристке құтқарушылардың көмегі қажет болды,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі 112-ге сілтеме жасап.

Туристер тобының бағытынан жаңылып, өздігінен төмен түсе алмай қалғаны туралы хабарлама 112 пультіне келіп түсті. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары жедел шықты.

Құтқару жұмыстарының нәтижесінде туристер табылып, «Проходная» автотұрағына дейін жеткізілді.

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.