Жеделсатыда әйелге шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды

Аталған факт бойынша тексеру жүріп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада тұрғын үйлердің біріндегі лифт ішінде қолына пышақ ұстаған ер адам қасындағы әйелге шабуыл жасады. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол жеделсатыға кіре сала жанындағы кісіге пышақ сілтейді. Қорғансыз келіншек жігіттің пышақ ұстаған қолына жармасып, сұғып алмасын деп арпалысады. Шамамен 30 секундтың ішінде лифт есігі ашылып, әйел адам суық қаруы бар азаматтан құтылып шығады. Қалалық Полиция департаменті күдіктіні ұстады. Аталған факт бойынша тексеру жүріп жатыр.

"Ер адам дереу ұсталып, Полиция департаментіне жеткізілді. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Заң және тәртіп" қағидаты азаматтардың тәртібі мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталған ішкі істер органдарының негізі болып қала береді. Тәртіп бұзушылар әрекеті үшін міндетті түрде жауап береді", – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Эльмира Шәуленова.

Оқи отырыңыз: 

Новости партнеров