Студенттер арасында қолдан жасалған көліктер жарысы өтті

17.06.2025 20:47

Еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам дарынды оқушы мен студент қатысты

Ғылым және жоғары білім министрлігі

Жетісу облысының Жыланды ауылында инженерия, робототехника және болашақ технологиялары саласындағы ең жарқын жастар фестивальдерінің бірі «Zhýlandy Fest – 2025» өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам дарынды оқушы мен студент қатысты.

Іс-шара үш бағытты қамтыды: Future Race – болашақтың экологиялық жарысы (Жыланды – Төңкеріс бағыты бойынша), Zhýlandy International First Championship халықаралық робототехника турнирі, Open Day университеттер жәрмеңкесі.

Көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырған «Future Race» байқауында мектеп оқушылары мен студенттер құрастырған 9 тәжірибелік электромобиль жарыс жолына шықты. Қатысушылар тек жылдамдық үшін ғана емес, тұрақты көлік пен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша өз инженерлік шешімдерін көрсету үшін де бақ сынады. Жеңімпаздар көлік жылдамдығы мен жұмсалған энергия көлемі негізінде анықталды.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында Балқаш көліне апаратын жол ашылды