Студенттерді алдаған күдікті елге қайтарылды

29.06.2026 14:30

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті елден шығып, жасырынып жүрген

32 азаматты алдап соққан күдікті Албаниядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Бас прокуратураның мәліметінше, ол 2022–2023 жылдар аралығында интернет-ресурс арқылы жоғары сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындап, оларды жоғары оқу орындарына кепілді түрде оқуға түсіремін деген жалған ақпарат таратқан. Осы заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде 28 миллион теңгеден астам қаражат иеленген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті елден шығып, жасырынып жүрген. Қазір ол қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

«2025 жылдың мамыр айында ол Албанияда ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейісов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда шегіртке зиянкестеріне қарсы 1,5 млн гектар алқап өңделді