Гидротехникалық құрылыстар бойынша барлық нысан су тасқыны кезеңіне дайын
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров су тасқыны қаупі қай өңірлерде бар екенін, алдын алу үшін қандай шаралар қолға алынғанын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Біз бассейндік тексерулерді, су қоймаларының жағдайы туралы ақпаратты «Тасқын» жүйесіне күн сайын енгізіп отырмыз. Жасанды интеллект министрлігі осы деректер негізінде модельдеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Олар бізге тасқынға дейін тиісті есептеулер мен мәліметтерді ұсынады. Дәл қазір 1 наурызға арналған жаңартылған болжамды күтіп отырмыз және соған сәйкес жұмысты жалғастырамыз", – деді ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
Гидротехникалық құрылыстар бойынша барлық нысан су тасқыны кезеңіне дайын. Қажетті тексерулер толық жүргізілген. Су қоймаларында шамамен 14,5 млрд текше метр көлемінде бос орын бар.
"Ал «Тасқын» ақпараттық жүйесіне қатысты жұмысты Жасанды интеллект министрлігі жүргізеді. Біз су қоймаларының жұмыс режимдері жөнінде деректерді күн сайын енгізіп отырамыз. Осы мәліметтер негізінде министрлік мамандары модельдеу жүргізеді және су тасқыны кезеңі алдында тиісті болжамды бізге береді", — деді вице-министр.
Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов диқандарға жеңілдетілген несие беру рәсімін оңайлатуды тапсырды