Аймақтардағы ірі су қоймаларынан су жіберіліп жатыр
Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 сәуір күнгі жағдай келесідей:
Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.
Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 53 текше метр, Сілеті су қоймасынан 41,7 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 7,5 текше метр су жіберіліп жатыр.
Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 465 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 450 текше метр су жіберіліп жатыр..
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 2100 текше метр су жіберіліп жатыр.
Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2 текше метр су жіберіліп жатыр.
Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 81,4 текше метр су жіберілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 643,3 текше метр, Петропавл су қоймасынан 1348 текше метр су жіберіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: ТЖМ басшысы шахтаға түсіп, кеншілер жағдайымен танысты