Суға батқан балаларды құтқарған: Сәтбаев тұрғыны медальмен наградталды

25.06.2025 17:28

Медальді облыстық ТЖД бастығы Есен Байыров табыс етті

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Сәтбаев тұрғыны балаларды құтқарғаны үшін медальмен наградталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Сәтбаев қаласының тұрғыны Жүрсін Тайғараев «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» ведомстволық медалімен наградталды. Награда екі баланы құтқару кезінде көрсеткен батырлығы, табандылығы және жоғары азаматтық жауапкершілігі үшін берілді.

Награда Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде табысталды. Медальді облыстық ТЖД бастығы Есен Байыров табыс етті.

Оқи отырыңыз: Ақтөбелік жиһанкез Алматыға жетті