Сұңқылдақ аққу – даланың үнсіз сұлулығы

16.05.2026 16:21

Сұңқылдақ аққу – сирек кездесетін ерекше құстардың қатарына жатады

t.me/qazfwc

Көл бетінде қалықтап жүзген сұңқылдақ аққулар табиғаттың ең нәзік әрі әсерлі көріністерінің бірі саналады. Қазақ танымында аққу – тазалықтың, адалдықтың және сұлулықтың символы, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Сұңқылдақ аққу (Cygnus cygnus) – сирек кездесетін ерекше құстардың қатарына жатады. Бұл құс Қазақстандағы Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында мекендейді. Көктем мен күз мезгілдерінде тынық көлдер мен өзен жағалауларында жиі байқалады.

Мамандардың айтуынша, аққулардың табиғи мекенін сақтау – биоалуантүрлілікті қорғаудың маңызды бөлігі. Осыған байланысты олардың тіршілік ететін ортасын қорғау және табиғатты аялау – баршаға ортақ міндет.

Табиғат жанашырларының пікірінше, мұндай сирек құстарды сақтау болашақ ұрпаққа табиғи мұраны жеткізудің негізгі кепілі болып табылады.

Оқи отырыңыз: Президент кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі Жарлыққа қол қойды