Сыйлық аламын деп алданып қалмаңыз: ІІМ алаяқтардан сақ болуға шақырады

12.02.2026 14:51

Ғашықтар күні қарсаңында сүйіктісіне ерекше сыйлық дайындауға асығатындар көп

t.me/POLICE_of_KZ

Мереке қарсаңында жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар туралы ақпарат көбейеді. Алайда мерекелік қарбаласты интернет-алаяқтар да өз пайдасына жаратып, жалған сайттар ашып, әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды алдауға тырысады, деп хабарлайды  Аlmaty.tv.

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері ескерткендей, романтикалық тосынсый қаржылық шығынға немесе көңіл күйдің бұзылуына айналмас үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды.

ІІМ келесі ережелерді қатаң ұстануға кеңес береді:

  • тауарды тек сенімді, тексерілген сайттар мен ресми маркетплейстер арқылы сатып алыңыз;
  • әлеуметтік желілердегі немесе мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
  • шектен тыс төмен баға ұсынылса, абай болыңыз — бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін;
  • сатушыдан тауардың нақты бар екенін растауды сұраңыз;
  • бейнеқоңырау арқылы дүкеннің нақты мекенжайын көрсетуді өтініңіз.

Алаяқтар көбіне мұндай талаптан жалтарып, оның орнына геолокация немесе өңделген фото жібереді. Сол себепті: 

  • төлем жасау кезінде сақ болыңыз:
  • ақшаны жеке шоттарға немесе күмәнді төлем жүйелеріне аудармаңыз;
  • жеке деректеріңізді қорғаңыз.

Сондай-ақ бөгде адамдарға ешқашан парольдерді, SMS-кодтарды, CVV-кодты және банк картасының толық мәліметін бермеңіз.

"Мереке тек қуаныш сыйласын. Сақ болыңыз және алаяқтардың құрбанына айналмаңыз", - деп ескертеді ведомство өкілдері.

Оқи отырыңыз: Алматыда сталкинг дерегі бойынша сот үкімі шықты