Атап айтқанда, кейбір жеке сот орындаушылары еңбек демалысында болған кезеңде олардың көмекшілері атқарушылық іс жүргізуді қозғаған фактілер тіркелген
Шымкентте жеке сот орындаушыларының салғырттығынан азаматтардың құқығы тапталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қызметіне бей-жай қараған 12 адам шетелде демалып жүріп, өз міндетін көмекшілеріне заңсыз тапсырған. Ал олар электронды цифрлық қолтаңба кілтін пайдаланып, атқарушылық іс жүргізген. Соның кесірінен халықтың жеке деректері қолды болып, конституциялық құқығы өрескел бұзылған. Сот орындаушылары мемлекеттік лицензиясынан айырылды. Борышкерлерге қойылған шектеулерді заңсыз алып тастаған тағы 85 қызметкер жауапкершілікке тартылды.
«ЖСО көмекшілерінің құзіретінде атқару өндірісін қозғау немесе жеке тұлғалардың мәліметтерін тексеру құзыреттілігі жоқ болғанына қарамастан, олардың конституциялық құқығын шектеп, тексеріп, тыйым салып, яғни көмекшілері жеке сот орындаушыларының құзыреттілігімен айналысқан. Сол фактілерді анықтадық. 12 ЖСО қатысты осындай заңсыз қозғау фактілерін анықтап, қала прокуратурасы Әділет министрлігіне заңдылықтың бұзушылығын жою туралы ұсыныс енгізілді», – деді Әкімшілік және атқарушылық іс жүргізу заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры Бекнұр Пазылбек.
Оқи отырыңыз: Павлодарда есірткі таратушы ұсталды