Шымкентте 70 жастағы қария көршілерін пышақтап тастады

06.05.2026 15:42

Ауыр жарақат алған азаматтар қазір жансақтау бөлімінде жатыр

Шымкентте 70 жастағы қария екі бірдей көршісін пышақтап тастады, деп хабарлайды  Almaty.tv.  

Жантүршігерлік оқиға Жаңаталап тұрғын алабында болған. Түн ішінде олардың арасында келіспеушілік туындап, қарт кісі көршілерінің бірнеше жеріне пышақ сұққан. Ауыр жарақат алған азаматтар қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендердің туыстары күдіктінің психикалық ауытқуы болуы мүмкін деп отыр. Десе де, бұл ақпарат әзірге ресми расталмады. Қазір зейнеткер қамауға алынған. Оқиғаның барлық мән-жайын полиция анықтап жатыр.

«70 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – деді Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Есірткі қылмысы: елімізде 76 шетел азаматы ұсталды