Шымкентте әдепсіз әрекеті үшін ер адам 10 тәулікке қамалды

ЖИ көмегімен жасалды
ЖИ көмегімен жасалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте 38 жастағы ер адам автобуста жыныс мүшесін шығарып, әдепсіз әрекет жасады. Бұл жайтты жолаушылардың бірі видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 
Кейін бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің наразылығын тудырған. Көп ұзамай полиция күдіктіні құрықтады.

Оның әрекеті "Қоғамдық тәртіп пен адамгершілік нормаларын өрескел бұзу" деп бағаланды. Нәтижесінде әдепсіз жігіт сот шешімімен 10 тәулікке қамалды. 

"Полиция қызметкерлері жүргізген тексеру нәтижесінде құқық бұзушының 38 жастағы қала тұрғыны Мурабзилов Закирджан екені анықталды. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Қоғамдық тәртіпті бұзу, өзге азаматтардың ар-намысы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіру заң аясында жауапкершілікке тартылады", - деді Полиция департаментінің ресми Өкілібағлан Мырзабаев. 

Оқи отырыңыз: Шымкентте бейнебақылау камерасын сындырған азамат қамалды