Шымкентте бейнебақылау камерасын сындырған азамат қамалды

Almaty.tv.
Almaty.tv.

Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды
 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бейнебақылау құрылғысын қасақана сындырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 
Оқиға "Жаңа шаһар" базары маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде болған. 60 жастағы Константин Силагин өткел лифтіне орнатылған бейнебақылау камерасын әдейі бүлдірген. Нәтижесінде қоғамдық мүлікке материалдық залал келтірілген.

Сот шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Қоғамдық қауіпсіздікке арналған құрылғыларды бүлдіру – қоғам мүддесіне зиян келтіру. Полиция мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін және заң аясында қатаң жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Оқи отырыңыз: Жарық жиі сөнеді, газ жоқ: Ақтау тұрғындарының инфрақұрылымдық мәселелері қашан шешіледі