Шымкентте қызды қуып жүріп, пышақтаған күдікті 2 айға түрмеге жабылды

15.01.2026 18:10

Тергеуді Шымкент қалалық Полиция департаментінің басшысы жеке бақылауына алған

Шымкентте 21 жастағы қызды айуандықпен өлтірді деп күдікке ілінген азамат 2 айға түрмеге жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған дейін уақытша ұстау изоляторында болған айыпталушыға сот осындай санкция берді. Сондай-ақ марқұм Нұрай Серікбайдың туған-туыстары күдіктінің сталкер болып, бойжеткенді аңдып, қорқытқанын да айтқан. Бүгінде құзырлы органдар бұл деректерді де тексеріп жатыр.

Еске салсақ, 11 қаңтарда қаланың қақ ортасында 28 жастағы ер адам жас қызды қуалап жүріп, бірнеше мәрте пышақтап кеткен. Онымен қоймай, бетін де тілгілеп тастаған. Бүгінде істің ақ-қарасы анықталып жатыр.

Айта кету керек, тергеуді Шымкент қалалық Полиция департаментінің басшысы жеке бақылауына алған. Тиісті шаралар аяқталған соң іс сотқа жолданады.

Оқи отырыңыз: Алматыда жалған түбіртектермен алаяқтық жасаған күдікті ұсталды