Биыл құрылыс талаптарын сақтамағандарға 314 әкімшілік хаттама толтырылған
Шымкентте рұқсатсыз бой көтерген 14 нысан сүрілді. Мамандардың айтуынша, ғимараттар тиісті құжатсыз және құрылыс жүргізуге рұқсат етілмеген жерлерге салынған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар – дүкен, монша және кәсіпкерлік мақсаттағы объектілер. Жалпы 22 заңсыз құрылысқа қатысты материал сотқа жолданған. Оның 14-ін бұзу туралы шешім шықса, қалғаны әлі қаралып жатыр.
Биыл құрылыс талаптарын сақтамағандарға 314 әкімшілік хаттама толтырылған. Заң бұзғандарға жалпы 78 миллион теңге айыппұл салынып, кемшіліктерді жою жөнінде нұсқау берілді.
«9 айдың ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау туралы 501 хабарлама түсті. Яғни жалпақ тілмен айтқанда, рұқсат алу. Құрылыс нысанын тексеріп, сүру мәселесіе қатысты сотқа жолдаған кезде, олар басқа біреудің атына ауыстырып жібереді. Үш күн ішінде жолдап, объектіге бұғат салуға міндеттіміз», – деді қалалық Орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Берік Дүйсенов.
Оқи отырыңыз: Халық салалық дәрігерлерге жазылу үшін әбігерге түседі - депутат