Шымкентте сарбаз өлімі тіркелді: Ұлттық ұлан мәлімдеме жасады

07.01.2026 14:37

Белгілі болғандай, оның жүрегі кенеттен тоқтап қалған

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі Шымкентте 6506 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбаздың қайтыс болу фактісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, оның жүрегі кенеттен тоқтап қалған.

- Мерзімді қызметке Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақыртылған (Тараз қаласы) әскери қызметші әскерге келген алғашқы күндерінен бастап бірнеше рет медициналық қызметкерлерге жүгінген. Есепте тұрған және Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде тексеруден өткен. 2026 жылғы 6 қаңтарда мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтады. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды. Алдын ала диагноз — «жедел лейкоз», - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Жағдай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының жеке бақылауында.

Оқи отырыңыз: Тимур Елеусізов «Жасыл-Алматы» КММ басшысы болып тағайындалды