Референдумға дейін:
8
күн
20
сағат
50
минут

Шымкенттегі көпқабатты үйде болған қайғылы жағдайға қатысты жаңа мәлімет пайда болды

Қайғылы жағдайдың нақты себебі сот сараптамасынан кейін белгілі болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкенттегі көпқабатты үйде болған қайғылы жағдайға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бір подъезде тұрған төрт адамның өліміне газ жабдығын орнату талаптарының бұзылуы себеп болуы мүмкін. QazaqGaz Aimaq компаниясының айтуынша, үш пәтерге су жылытқыштары рұқсатсыз орнатылған. Бұдан бөлек, түтін шығару жүйесі де талапқа сай келмепті. Соның салдарынан көміртек тотығы пәтерлерге қайта таралып кеткен көрінеді.

Еске салсақ, оқиға 3 наурыз күні болған. Қайғылы жағдайдың нақты себебі сот сараптамасынан кейін белгілі болады.

«Ол жерде өз бетінше су жылытқыш қондырғысын қойған. Газ тұтынатын. Одан кейін ол жерде көміртегін шығаратын мұржа дұрым емес. Талапқа сай, ол шатырдан биік болуы керек. Олар сыртқа шығарған да оның ішін бітеп қойған. Не үшін екенін білмейміз», - «Qazaqgaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалының бөлім бастығы Нұрбек Рахманов.

Оқи отырыңыз: Талғардағы қанды оқиға: 47 жастағы ер азамат үйінде көз жұмды

Новости партнеров