Шыңға өрлеу жұлдызы: Алматыда балалар байқауы аяқталды

20.05.2026 18:50

Іс-шара соңында әр қатысушы арнайы номинациялармен марапатталды

Алматыда «Шыңға өрлеу жұлдызы» шығармашылық байқауының финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Бастауыш сынып оқушыларының басын қосқан іс-шара бірнеше маңызды кезеңнен тұрды. Қатысушылар алдымен өздерін өлең не бейнепрезентация арқылы таныстырса, кейін вокалдық және хореографиялық өнерін ортаға салды. Сондай-ақ бағдарламаға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын білуге бағытталған интеллектуалдық тур және қоршаған ортаны қорғауды насихаттайтын «эко-киімдер» дефилесі енген. Оқушылардың шығармашылық ізденісін мәдениет қайраткерлерінен, белгілі продюсерлер мен меценаттардан құралған қазылар алқасы бағалады. Іс-шара соңында әр қатысушы сахнаға мерекелік киіммен шығып, арнайы номинациялармен марапатталды.

«Бұл сайысқа өзімді сынау үшін келдім, көңіл-күйім өте жақсы, ешқандай қобалжу жоқ. Мен өзіме деген сенімімді ақтадым. Дайындық барысында ән айтып, биледім, өте көңілді өтті», – деді конкурсқа қатысушы Көркем Әбжәлел.

Оқи отырыңыз: Заң мен әділдік: Алматыда мыңнан аса азамат тегін құқықтық кеңес алды