Сыр өңірінде «Қорқыт және Ұлы дала сазы» фестивалі басталды

Дәстүрлі жиынға Түркия, Тыва, Алтай, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 200-ге жуық өнерпаз шақырылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сыр өңірінде «Қорқыт және Ұлы дала сазы» фестивалі басталды. Рухани іс-шара биыл жетінші мәрте, Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Фестиваль барысында түркі халықтарының фольклорлық музыкасы дәріптеліп, өзара мәдени байланыс беки түседі. Дәстүрлі жиынға Түркия, Тыва, Алтай, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 200-ге жуық өнерпаз шақырылған. Фестиваль өткізілген жылдар ішінде Қорқыт баба мұралары Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне енгізілді.

 «Миссиямыз – түркі халықтарының музыка өнерін насихаттау, таныту. Біз түркі халықтары мәдениетінің амбассадоры ретінде танылдық. Тұран брендімізге айналды. Фестивалге келіп осылай өнерімізді танытып жатқанымызға қуаныштымыз. Қызылордадан соң Евротурға аттанамыз», – деді  «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің мүшесі Бауыржан Бекмұханбет.

«Фольклор мәдениетте ғана емес жүректе болғанда өміршең болады. Мен фестивальге екінші мәрте қатысып отырмын. Алғаш рет 2018 жылы келдім. Бұл қазақ пен Алтай халықтары арасындағы мәдениетті де жаңа деңгейге көтеріп келеді. Фестиваль түркі халықтары үшін достықтың өзегі болып отыр», – деді «Алтай Каий» ансамблінің жетекшісі Урмат Ынтаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда ауыр жүк көліктері бақылауға алынады

Новости партнеров