Тәуелсіздік күні: "Мәңгілік ел әуендері" байқауы мәресіне жетті

Алматының 8 ауданынан 16 балалар хор ұжымы бақ сынады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған "Мәңгілік ел әуендері" байқауы мәресіне жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында өткен I қалалық хор өнері сайысының қорытынды кешінде гала-концерт қойылып, бағын сынаған жас өрендер марапатталды. Топ жарып, үздік деп танылғандарына арнайы сыйлықтар беріліп, Алматы қаласы әкімінің алғыс хаты табысталды.

Айта кетейік, Білім басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылған бұл байқауда мегаполистің 8 ауданынан 16 балалар хор ұжымы бақ сынаған.

"Байқауды кәсіби мамандардан құралған әділқазылар алқасы бағалады. Қатысқан барлық оқушылар өте жақсы өнер көрсетті. Хор өнерін насихатталды. Білім басқармасы қомақты қаржы бөлді. Жүлде қоры 12 миллион 618 мың теңгені құрады", – деді  "Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығы" КМҚК директоры Айнұр Дауылбаева.

"Мәңгілік ел әуендері" хор сайысында  "16 қыз" және "Елім менің" әндерін орындадық. Әр оқушы – жарқыраған жұлдыз. Өнер ол – биік бір шыңға шыққанмен бірдей. Өнерге баулып отырған ұстаздар, одан кейін қолдап отырған ата-аналарға рақмет!" – деді № 207 мектеп-лицейдің хор үйірмесінің жетекшісі Марита Қарабисенова.

Оқи отырыңыз: Президент Үштөбедегі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды

Новости партнеров