Тәуелсіздік күнінде елордада 18 нәресте дүниеге келді

16.12.2025 15:05

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Тәуелсіздік күнінде елорданың 3 перзентханаcында 18 нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астана тұрғындары үшін Тәуелсіздік күні тек ресми салтанатты шаралармен ғана емес, қаладағы перзентханаларда дүниеге келген жаңа өмірлермен де есте қалды. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінде елорданың 3 перзентханаcында 18 нәресте дүниеге келді. Олар – 7 ұл және 11 қыз.

Нәрестелер №2 көпбейінді қалалық ауруханада, №3 көпбейінді қалалық ауруханада, сондай-ақ Қалалық перинаталдық орталықта өмірге келді.

Оқи отырыңыз: Сәйгүлік: Табылды Досымовтың әнінің құпиясы қандай