Таяу Шығыстағы ахуал әуе билеттерінің бағасына әсер еткен жоқ - Талғат Ластаев

19.03.2026 15:26

Көлік вице-министрі шетелдік әуе компанияларының қатысуымен бірқатар жаңа рейстер ашалатынын айтты

«Таяу Шығыстағы ахуал әуе билеттерінің бағасына әсер еткен жоқ». Осылай деген Көлік вице-министрі Талғат Ластаев құнның қымбаттауы алдымен авиаотын бағасына байланысты дейді. Сөзінше, ведомство Энергетика министрлігі және «ҚазМұнайГаз» компаниясымен бірлесіп жүйелі жұмыстар атқарып, нәтижесінде бір айдың ішінде тариф 1300 доллардан 900 долларға дейін төмендеген, деп хабарлайды Almaty.tv 

Бұл бағыттағы іс-шара ары қарай да жалғасын табады. Сонымен қатар еліміз авиаотын өндіреді. Біздегі әуе компаниялары оны тікелей өндірушілерден алатын болғандықтан, әуе билеттерінің бағасына қатты әсер етпейтінін айтты.¤

«Бұл бағытта кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтсам, бәсекелестікті дамыту арқылы билеттерді қолжетімді ету. Мәселен, шетелдік әуе компанияларының қатысуымен бірқатар жаңа рейстер ашамыз. Бұл өз кезегінде еліміздің транзиттік әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді. Ал бәсекелестіктің артуы тарифтердің төмендеуіне ықпал етеді», – деді ҚР Көлік вице-министрі Талғат Ластаев

Оұи отырыңыз: МӘМС реформасы: қаржының дұрыс жұмсалуын қадағалау басты міндет болмақ