Табиғатқа жанашыр қала: Алматы тұрғындары қалдықты қайта өңдеуге қалай үйреніп жүр

07.09.2026 21:10

Іс-шара барысында қала тұрғындары пластик, қағаз және қайта өңдеуге жарамды басқа да қалдықтарын тапсырды

Қалдықты жай ғана қоқысқа тастамай, қайта өңдеуге өткізу – табиғатты қорғаудың қарапайым жолы. Алматыда осы мақсатта «Recycle бірге» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv

Іс-шара барысында қала тұрғындары пластик, қағаз және қайта өңдеуге жарамды басқа да қалдықтарын тапсырды. Одан бөлек, акция аясында шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, экологиялық таза өнімдер ұсынылған жәрмеңке өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның мақсаты –экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа жауапкершілікпен қарауды күнделікті әдетке айналдыру.

«Шамамен 2 мың адам қатысып келеді және бұл сан ай сайын өсуде. Науқан тұрақта түрде  3 жылдан бері өтіп келеді. Әлеуметтік желілердегі парақшадан қай уақытта, қайда болатынын бәлуге болады», – деді  «Recycle бірге» жобасының үйлестірушісі Гүлдана Орақбаева.

Оқи отырыңыз: Қалдықтан – жаңа өнімге: Алматыда ECO Network ұйымдастыруымен экоуикенд мәресіне жетті

Толық көрсету