Табиғи шырын денсаулыққа зиян ба

shedevrum.ai
shedevrum.ai

Әсіресе жаңа сығылған жеміс шырыны көбінесе қант қосылған сусынға балама ретінде пайдаланылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ғалымдар табиғи шырынды көп мөлшерде тұтыну мезгілсіз өлімге себеп болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай тұжырымды Эмори университетінің ғалымдары жасады. Journal of the American Medical Association (JAMA) басылымында жарияланған мақалада зерттеушілер 13 400 адамның өмір сүру салтын зерттеп, олардың тәтті сусынды қаншалықты жиі ішетінін бақылаған. 6 жылда ғалымдар әртүрлі себептен мың адамның өлгенін, оның 168-і жүректің ишемиялық дертінен қайтыс болғанын анықтады.

Ғалымдар күн сайын калориясының 5 пайызы тәтті сусындар, оның ішінде жеміс шырыны болатын адамдар мен дәл сондай көрсеткіші 10 пайыздан асатын адамдар арасындағы өлім-жітімді салыстырып, екіншісінде жүректің ишемиялық дертінен көз жұму қаупінің коэффициенті 1,44, ал басқа аурудан 1,14 болғанын дәлелдеді. 

Демек, қосымша 360 мл тәтті сусын ішу өлім қаупін 1,24 есеге арттырады екен.

Ғалымдардың айтуынша, табиғи шырындардың өзі денсаулыққа зиян. Әсіресе жаңа сығылған жеміс шырыны көбінесе қант қосылған сусынға балама ретінде пайдаланылады. 

Оқи отырыңыз: Елу жастан асқанда тұтыну керек тағам түрлері қандай

Новости партнеров