Талдықорғанда балабақша қызметкері баланың басынан ұрған

28.09.2024 в 11:56

Оқиға 26 ​​қыркүйекте таңғы уақытта болған

Талдықорғанда балабақшалардың бірінде қызметкер баланың басынан ұрған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, қазір оның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Кадрда әйелдің үстел басында отырған балаларға жақындағанын, сосын олардың бірінің басынан ұрғанын көруге болады. Бұл шамамен 2024 жылғы 26 ​​қыркүйекте таңғы уақытта болған.

«Бұл факт Талдықорған полиция басқармасына бағытталды. Оқиға облыс прокуратурасының бақылауында», - деп хабарлады Жетісу облысының қадағалау ведомствосы.

Облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады.

Оқи отырыңыз: Инклюзивті білім беру: Алматыда балабақша педагогтары үшін арнайы курстар басталды