Талғарда 4 жігіт оқушы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

23.10.2024 21:54

Іс облыстық полиция департаментінің бақылауына алынды

polisia.kz

Алматы облыстық полиция кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Іnbusiness.kz-ке сілтеме жасап.  

"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер төрт күдіктіні де анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайлары анықталып жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.

Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауына алынды.

Оқи отырыңыз: Денесін өзенге тастаған: Атырауда бойжеткенді өлтірген ер адам ұсталды